Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда контейнерлік тасымал көлемі артып келеді

Қазақстанда контейнерлік тасымал көлемі артып келеді
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қазақстанда контейнерлік тасымал көлемі тұрақты өсім көрсетуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша контейнермен тасымалданған жүк көлемі 2203 мың ЖФЭ-ге дейін өсті, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 2115 мың ЖФЭ құраған. Осы кезеңде контейнерлендіру деңгейі 6,7%-дан 8%-ға дейін артты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Өсім 2026 жылы да жалғасуда. 2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында контейнерлік тасымал көлемі 742 мың ЖФЭ-ні құрады. Ал 2025 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 709 мың ЖФЭ болған. Контейнерлендіру деңгейі 8,2%-дан 8,5%-ға дейін өсті.

Оң динамика экспорттық, импорттық және әсіресе транзиттік контейнерлік тасымал көлемінің артуымен байланысты. Бұл Қазақстанда заманауи логистикалық форматтардың дамып келе жатқанын және елдің транзиттік әлеуетінің нығайып жатқанын көрсетеді.

Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру аясында контейнерлік және мультимодальды тасымалды дамытуға бағытталған бағдарламалық құжат қабылдау жоспарлануда.

Құжатта терминалдық инфрақұрылымды дамыту, цифрлық сервистерді кеңейту, кедендік және технологиялық рәсімдерді жеңілдету, сондай-ақ контейнерлік операцияларды басқарудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру бойынша шаралар қарастырылған.

Жоспарланған шараларды іске асыру контейнерлендіру деңгейін арттыруға, логистикалық процестердің тиімділігін күшейтуге және Қазақстанның өңірдегі ірі көлік-логистикалық хаб ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді