ҚР ИИДМ-де көлік саласындағы 2021 жылғы 9 айдың қорытындысы шығарылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 100,1% құрады, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Транзиттік контейнерлік тасымалдарда 795,2 мың ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) көлемінде оң динамика сақталып, өсім 28% құрады.
Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 2,77 млрд тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97,8% болды (2020 жылғы қыркүйек айында - 2,84 млрд.тонна).