Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылордада мас күйде көлік басқарған жүргізуші жауапқа тартылды

Қызылордада мас күйде көлік басқарған жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Қызылордада мас күйде көлік басқарған жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қызылорда қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізуші жауапкершіліктен жалтару мақсатында жолаушы орындығына ауысып, көлікті өзі басқармағанын айтқан. Алайда полицейлер оның жеке басын анықтау кезінде алкогольдік ішімдік ішкенін байқады.

Жүргізушіге жүргізілген наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, оның орта дәрежелі масаң күйде болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Мас күйде көлік басқару – адам өмірі мен қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер екенін естен шығармаған жөн.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді