Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Роман Скляр «SVEVIND Group» бас директоры Вольфганг Кропппен кездесу өткізді

Роман Скляр «SVEVIND Group» бас директоры Вольфганг Кропппен кездесу өткізді
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «SVEVIND Group» бас директоры Вольфганг Кропппен кездесу өткізді. Маңғыстау облысында «жасыл» сутегін өндіру бойынша HYRASIA ONE ауқымды инвестициялық жобасын іске асыру мәселелері, сондай-ақ тұрақты энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Роман Скляр Қазақстан тұрақты энергетика саласында неміс бизнесімен ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән беретінін және Үкімет жобаны табысты іске асыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.

Өз кезегінде, Вольфганг Кропп Маңғыстау облысында «жасыл» сутекті өндіру жөніндегі стратегиялық жобаны іске асыруға бейілділігін растады және Үкімет тарапынан көмек көрсетіліп жатқанына алғысын білдірді.

Тараптар HYRASIA ONE жобасы тұрақты энергетика саласындағы неміс бизнесімен өзара іс-қимылдың флагмандық үлгісі болып табылатынын және өнеркәсіпті, көлік пен энергетиканы декарбонизациялауды қамтамасыз ететінін атап өтті.

Кездесу барысында Инвестициялар туралы келісім бойынша қосымша келісімге қол қойылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді