Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр East Hope Group басшылығымен кездесу өткізді

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр East Hope Group басшылығымен кездесу өткізді
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр East Hope Group (ҚХР) бас директоры Мэн Чанцзюнмен кездесу өткізді.  Компания Қазақстанда түсті металдардың тігінен кіріктірілген өндірісін құру жөніндегі ірі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өнеркәсіптік парктің құрылысын көздейтін жобаға тау-кен байыту комбинаты, электролиз зауыты және электр стансасы кіреді. Инвестициялардың күтіліп отырған көлемі $12 млрд-тан астам. Сондай-ақ жоба 10 мыңға жуық жұмыс орнын ашуды қамтамасыз етеді, бұл өңір экономикасына оң әсер етеді. Жобаның маңызды аспектісі – экспорттық өнімге бағдарлануы. East Hope Group компаниясы көлемі 20 км2 болатын осындай нысанды Қытайда іске асырды, бұл оның ірі инвестициялық жобаларды іске асырудағы тәжірибесін растайды.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен East Hop Group арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін негіз болатын инвестициялар туралы келісімге қол қою мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында Роман Скляр бұл жобаны іске асыру Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болатынына сенім білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты