Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана әлемдік гастрокартаға енбек: Gault&Millau-мен келісім жасалды

Астана әлемдік гастрокартаға енбек: Gault&Millau-мен келісім жасалды
Фото: Астана қ. әкімдігі

«Astana Tourism» туризмді дамыту орталығының басқарма төрағасы Артём Квашук халықаралық Gault&Millau гастрономиялық гидінің бас директоры Патрик Хаюнмен стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл келісім елордадағы гастрономиялық туризмді дамытуға және Астананы заманауи халықаралық туристік дестинация ретінде ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам болмақ.

Gault&Millau («Сары гид») – Michelin гидімен қатар әлемдегі ең беделді мейрамхана рейтингтерінің бірі. 50 жылдан астам уақыт бойы гид үздік мейрамханаларды, қонақүйлерді және гастрономиялық жобаларды бағалап, HoReCa саласындағы халықаралық сапа стандарттарын қалыптастырып келеді.

Халықаралық тәжірибеде Gault&Millau нақты нәтижелер көрсетуде: Польшада жоғары деңгейлі мейрамханалар саны 3 жыл ішінде 25%-ға артқан, Грузияда орташа чек көлемі өсіп, Еуропа, АҚШ жәнеТаяу Шығыстан премиум туристер ағыны көбейген. Ал БАӘ-де (Дубай қ-сы) мейрамхана индустриясының кеңеюі және халықаралық шеф-аспаздар мен инвесторлардың қызығушылығының артқан. Бұл гидтің гастротуризм мен HoReCa секторының дамуына ықпалын дәлелдейді.

Жоба аясында Gault&Millau халықаралық инспекторлары Астанадағы 150-ден астам мейрамхана мен 25-тен астам қонақүйге тәуелсіз бағалау жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша үздік мекемелер кәсіби бағалауға ие болып, гастрономиялық гидке ену мүмкіндігіне ие болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді