Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Xinjiang Spring Tourism Expo 2026: қытайлық туристер үшін Астанаға турлар ұйымдастырылады

Xinjiang Spring Tourism Expo 2026: қытайлық туристер үшін Астанаға турлар ұйымдастырылады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Қытай Халық Республикасының Үрімжі қаласында VII халықаралық туристік көрме – Xinjiang Spring Tourism Expo 2026 өтті. Ауқымды шараға «Бір белдеу – бір жол» бастамасына қатысушы елдерден, сондай-ақ әлемнің өзге де аймақтарынан 600-ден астам туристік ұйым жиналды. Көрмеге «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы да қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Xinjiang Spring Tourism Expo 2026 туризм саласындағы халықаралық байланысты нығайтудың маңызды алаңына айналды. Көрме туристік агенттіктерді, қонақ үйлерді және белсенді демалысқа арналған тауар өндірушілерді қоса алғанда, сала мамандарын жинап, қатысушыларға тиімді ұсыныстар мен жеңілдіктер ұсынды.

Көрме аясында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының туроператорлары және өңірлік туризм басқармасының өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. Кездесулер нәтижесінде Қытайдан Қазақстанға туристік топтарды ұйымдастыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.

Жалпы саны 40-тан астам іскерлік байланыс орнатылып, алдағы ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер ашылды.

«Astana Tourism» таныстырылымында оқиғалық туризмді дамыту мен Қазақстан астанасына бағытталған туристік маршруттарды ілгерілетуге ерекше назар аударылды. Көлік қолжетімділігі, атап айтқанда тікелей әуе рейстерінің болуы және қалалар арасындағы дамыған логистика қытайлық серіктестердің қызығушылығын тудырған негізгі факторлардың бірі болды.

Сонымен қатар, қолданыстағы 30 күндік визасыз режим мен «Бір белдеу – бір жол» бастамасының табысты жүзеге асырылуы ҚХР азаматтарының Астана мен Қазақстанның туристік әлеуетіне деген қызығушылығын айтарлықтай арттырып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады