Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана әуежайында таксиге тапсырыс берудің жаңа жүйесі іске қосылды

Астана әуежайында таксиге тапсырыс берудің жаңа жүйесі іске қосылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана халықаралық әуежайында Taxi Point таксиге тапсырыс берудің жаңа жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жүйе елорда қонақтарының ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін жасалған. Бұл – Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі тәулік бойғы алғашқы сервис. Ол ұшып келгеннен кейін бірден белгіленген тариф бойынша таксиге тез және қауіпсіз тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Жобаны Астана әкімдігінің Astana Tourism туризмді дамыту орталығы жеке инвесторлармен бірлесіп іске асырды.

«Біз қалалық туризмді дамытумен, туристерді тартумен және елорданың инфрақұрылымын жақсартумен айналысамыз. Қазіргі уақытта әуежай басшылығының қолдауымен біз туристерге делдалсыз – қауіпсіз және белгіленген бағамен таксиге тапсырыс беруге мүмкіндік беретін жобаны іске қостық», – деді «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығының басқарма төрағасы Артем Квашук.

Әуежайдың келу аймағында терминалдар орнатылған, олар арқылы жылдам рәсімдеуге болады. Маршрутты таңдап, банк картасымен төлеп, такси туралы барлық ақпаратты алу мүмкіндігі қарастырылған: келу уақыты, маркасы, түсі мен көлік нөмірі, сондай-ақ жүргізушінің байланыс нөмірлері. Taxi point сервисі жеті тілде жұмыс істейді: қазақ, орыс, ағылшын, қытай, испан, француз және түрік.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
1 комментарий
Машинаны да, жүргізушіні де пікірлеріне қарап өзім таңдай алатын индрайвтен оңай әрі арзан нәрсе бар деп күмәнданам
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады