Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанаға былтыр 1,5 млн турист келді

Астанаға былтыр 1,5 млн турист келді
Фото: pixabay.com

2024 жылы елорда 1,5 миллион туристі қабылдады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 14%-ға көп. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Басқарма басшысының айтуынша, туристер негізінен Ресей, Қытай, Германия, Түркия, АҚШ және Оңтүстік Корея елдерінен келеді.

«Бизнес-туризм мен медициналық туризм қарқынды дамып келеді. Ерекше назар оқиғалық (ивент) туризмге бөлініп отыр. Сонымен қатар, гастрономиялық және мәдени-спорттық туризмге басымдық берілуде. Жалпы, 2024 жылы елордада 168 халықаралық деңгейдегі іс-шара өтті. Олардың қатарында ШЫҰ, ВИК, Automechanika, Enactus, Comic Con және басқа да маңызды шаралар бар. Биыл 300-ден астам мәдени-спорттық шара өткізу жоспарланып отыр. Астанада туризмнің тұрақты дамуы үшін мынандай міндеттер қойылып отыр:

• халықаралық бизнес, оқиғалық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды тарту; 

• медициналық және гастрономиялық туризмді дамыту мен ілгерілету.

«Бұл іс-шаралар тек қаланың имиджін нығайтудың құралы ғана емес, сонымен қатар экономикалық өсім мен туристік саланың дамуына ықпал ететін маңызды фактор болып табылады. 2025 жылдың ақпан айында «Astana Tourism» Туризмді дамыту орталығы өз жұмысын бастады. Оның басты мақсаты – Астананы Орталық Азиядағы іскерлік және оқиғалық хаб ретінде дамыту», - дейді Халел Әкімжанов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты