Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарды қарсы алу ерекше форматта ұйымдастырылды. Қалаға табан тіреген сәттен-ақ туристерге ұлттық нақыштағы естелік сыйлықтар ұсынылып, қазақы қонақжайлылықтың айрықша үлгісі көрсетілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл игі бастама Алматы қаласының Туризм басқармасы, халықаралық әуежай, Шекара қызметі мен кеден органдарының бірлесуімен жүзеге асты. «Халықаралық қонақтарға арналған қарсы алу сыйлығы» атты жоба әрбір мейманға деген шынайы құрмет пен ілтипаттың белгісіне айналды.

Осы күні Алматымен танысу дәстүрлі туристік бағыттардан бұрын әсерден бастау алды. Жылы жүзбен қарсы алу, ақ пейіл мен мерекелік көңіл күй Бірлік күнінің негізгі мазмұнын — татулық, бейбітшілік және мәдени әртүрлілікті айқын сездірді.

Соңғы жылдары Алматыға деген қызығушылық айтарлықтай артып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қалаға 754 мың шетелдік турист келсе, биыл бұл көрсеткіш 800 мыңнан аспақ. Бұл Алматының өңірдегі жетекші туристік орталықтардың бірі ретіндегі мәртебесін нығайта түседі.

Туризм басқармасы өкілдерінің айтуынша, мұндай жобалар қала туралы алғашқы оң әсер қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі болып отыр. Алматы өзін ашық, заманауи әрі қонақжай шаһар ретінде танытып келеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады