Алматы халықаралық әуежайында Наурызнама аясында Көрісу күніне арналған мерекелік акция өтті. Ұлттық дәстүрге құрмет көрсетіліп, алматылықтарға тән жылы әрі қонақжай атмосфера қалыптасты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жолаушыларды ұлттық киім киген қыздар қарсы алып, мерекемен құттықтап, қазақтың дәстүрлі тағамдары – бауырсақ пен шұбаттан дәм татуға шақырды. Ал жүргізуші қонақтарға Көрісу күнінің тарихы мен мәні туралы айтып берді.
Акцияға қатысушылар, соның ішінде түрлі елдерден келген қонақтар ұлттық мәдениет элементтерімен қызығушылықпен танысып, қазақ халқының қонақжайлығын ерекше атап өтті.