Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әуежайында заманауи өнер көрмесі ашылды

Алматы әуежайында заманауи өнер көрмесі ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы халықаралық әуежайының халықаралық ұшу аймағында алматылық суретші Әсем Сүлейменованың жеке көрмесі көпшілікке ұсынылды. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрме Art Tourism Almaty жобасы аясында ұйымдастырылған. Жоба заманауи өнерді қаланың қоғамдық кеңістіктеріне енгізуге, Алматының мәдени имиджін ілгерілетуге және жергілікті авторларды қолдауға бағытталған. Экспозицияда суретшінің түпнұсқа туындылары қойылған. Онда болмыс, табиғат және ұлттық бейне тақырыптары көрініс тапқан.

Автор дәстүрлі мотивтерді заманауи көркем тіл арқылы жаңа қырынан ұсынады. Көрменің әуежай аумағында өтуі шетелдік қонақтарға Қазақстанның қазіргі мәдениетімен танысуға мүмкіндік беріп, жергілікті өнердің қаланың маңызды кеңістіктеріндегі орнын кеңейтеді.Туризм басқармасы өкілдерінің мәліметінше, Әсем Сүлейменова — халықаралық Golden Time Talent (Ұлыбритания) байқауының лауреаты. Ол 2023 жылы жеңімпаз атанып, 2024 жылы Гран-при иегері болған. Art & Tourism Almaty жобасы қаланың креативті индустрияларын дамыту аясында жүзеге асырылып келеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады