ҚР Тәуелсіздік күніне орай Алматы әуежайында халықаралық рейстердің жолаушыларын тосын сый күтіп тұр: қаланың туризм басқармасы ҚР ҰҚК Шекара қызметі жанындағы шекаралық бақылау басқармасымен және Әуежаймен бірлесіп «Сәлемдесудің белгісі тәтті сыйлық» акциясын өткізеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
5 мыңнан астам саяхатшы паспорттық бақылаудан өту кезінде дәстүрлі қазақстандық шоколад пен печенье алады.Бұл бастама туристік қызметтің сапасын жақсартуға бағытталған Visitor Experience бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Алматы қонақтардың алғашқы минуттарынан бастап жылулық пен қонақжайлылық сезімін қалыптастыруға ұмтылады. Mastersard мәліметтері бойынша туристердің 25% қалаға қайта оралады.Акция саяхатшылар үшін заманауи және достық бағыт ретінде Алматының оң имиджін нығайтуға жасалған тағы бір қадам болмақ.13-12-2024, 15:43
Алматы қонақтарына Тәуелсіздік күні тәтті сәлем
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз