Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда есірткіге тәуелді шенеуніктер әшкереленеді

Қазақстанда есірткіге тәуелді шенеуніктер әшкереленеді
Фото: pixabay.com

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің бір бөлігі үшін есірткі және психотроптық заттарды тұтынуға міндетті медициналық куәландыру енгізіледі. Мұндай норма мемлекеттік қызмет мәселелері туралы заңда қарастырылған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске түзетулер енгізіледі:

  • жаңа 142-1-бап пайда болады - ол есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз тұтынудың алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметшілерді оларды қолдануына міндетті медициналық куәландыруды енгізеді;
  • уәкілетті орган мемлекеттік қызметшілердің есірткі және психотроптық заттарды тұтыну белгілеріне тексеру ережелерін бекіту құқығына ие болады.

Заңды талқылау барысында сенатор Андрей Лукин мұндай тексеру міндетті болатын мемлекеттік қызметшілердің лауазымдары қандай критерийлер бойынша айқындалатынын сұрады.

"Нақты қандай мемлекеттік қызметшілер міндетті куәландырудан өтуі тиіс және бұл заңнамалық шара мемлекеттік қызметшілердің есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз тұтынуының алдын алуға, сондай-ақ олардың кәсіби жарамдылығының тиісті деңгейін қамтамасыз етуге қаншалықты ықпал етеді?" - деп сұрады сенатор.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов заңда жыл сайын міндетті наркоскринингтен өтуі тиіс лауазымды тұлғалар санаттары айқындалғанын айтты.

"Бұл міндетті негіз, оған басшылық лауазымдағы тұлғалар, яғни қарамағында басқа қызметшілері бар адамдар жатады. Сондай-ақ факультативтік негіздер бар, яғни лауазымдық міндеттердің сипаты мен мазмұнына қарай мемлекеттік органның басшысы айқындайтын негіздер. Мысалы, мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеу. Бұдан бөлек, жалпы жыл сайын міндетті түрде наркоскрининг өткізу - ұсынылған заңның жаңалығы екенін мойындау керек және ең алдымен оны тыйымдар мен шектеулерге жатқызуға болады және қажет", - деді Салауат Мүксімов.

Оның айтуынша, мұндай шектеулер мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, азаматтардың мемлекеттік қызметке және мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайту, сондай-ақ теріс пайдаланушылықтың алдын алу үшін қажет болса, мемлекеттік қызметшілер үшін жол беріледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады