Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Есіл өзенімен серуендеу 1 мамырдан басталады

Астанада Есіл өзенімен серуендеу 1 мамырдан басталады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада жазғы туристік маусым қарсаңында экскурсиялық теплоходтар дайындалып жатыр. Бүгін Есіл өзені жағалауында кемелер су бетіне түсірілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Теплоходтар 1 мамырдан бастап өзен бойымен қатынай бастайды.

Astana Tourism туризмді дамыту орталығы департаментінің директоры Саят Оразтайдың айтуынша, Есіл бойымен серуендеу – елордадағы ең танымал туристік демалыс түрлерінің бірі.

«Есіл Астана» кеме қатынасы компаниясының өкілі Карина Данилко маусым алдында барлық теплоход толық техникалық тексерістен өткенін айтты.

«Барлық теплоход сырланып, толық қызмет көрсетілді. Жолаушылар қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінді: жаңа құтқару жилеттері сатып алынып, жабдықтар тексерілді», – деді ол.

Суға 45 орындық «Астана KSW-082», 65 орындық «Есіл KSW-092» және «Р-118», 30 орындық «КС-192», «КС-201» және «ПР-151» теплоходтары түсірілді.

Сонымен қатар «Есіл Астана» компаниясы кеме паркін жаңарту мақсатында 12 адамға дейін арналған жылдам жүретін төрт шағын кеме сатып алған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады