Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада күннің күрт жылынуына байланысты Есіл жағалауындағы мұз айдыны мен сырғанақтардың жұмысы уақытша тоқтатылды

Астанада күннің күрт жылынуына байланысты Есіл жағалауындағы мұз айдыны мен сырғанақтардың жұмысы уақытша тоқтатылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада ауа райының күрт жылынуына және қардың еруіне байланысты Есіл өзенінің жағалауында орналасқан мұз айдыны мен сырғанақтардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы елордалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлап, қала тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ауа райының күрт жылынуы салдарынан Есіл өзеніндегі мұздың қалыңдығы азайған. Қазіргі уақытта өзен арнасындағы мұздың қалыңдығы 22 сантиметрді құрайды, ал кейбір учаскелерде (Орталық жағажай аумағында) 35–37 сантиметрге жетеді.

Осыған байланысты жаңа жыл мерекелері кезеңінде тұрғындар қауіпсіздік мақсатында өзен үстіне шықпағаны жөн. Сондай-ақ Есіл жағалауындағы мұз айдыны мен сырғанақтардың жұмысы уақытша тоқтатылды.

Мұздың қалыңдығы Төтенше жағдайлар департаменті белгілеген нормативтік деңгейге жеткеннен кейін аталған нысандар қайтадан пайдалануға беріледі.

Айта кетейік, қала тұрғындарының қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге тәулік бойы техникалық тұз себіліп жатыр.

Астана қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік талаптарын сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша сақ болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы кезінде алыс сапарларға шықпауға шақырады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді