Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Есіл өзеніндегі биоалуантүрлілікті сақтау жұмысы жүргізіліп жатыр

Астанада Есіл өзеніндегі биоалуантүрлілікті сақтау жұмысы жүргізіліп жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада Есіл өзенінде қыс мезгілінде балық қорын сақтау бағытында жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жұмысты «Есіл-Астана» кеме қатынасы компаниясының мамандары орындап жатыр. Олардың айтуынша, қалың мұз бен қардың салдарынан суда оттегінің мөлшері азайып, бұл балықтардың қырылуына әкелуі мүмкін.

«Біз суды оттегімен қанықтыруға, мұз астында жиналатын зиянды газдарды шығаруға және су айдынындағы тұрақты оттегі режимін сақтауға мүмкіндік беретін аэрация жұмысын жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар көктемгі кезеңде мұндай шаралар табиғи экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге және пайдалы биологиялық үдерістердің жандануына ықпал етеді. Жұмыстарды орындау үшін арнайы жабдықтар қолданылады: мұз бұрғылары, сағатына 80 текше метрге дейін өнімділігі бар мотопомпалар, армирленген шлангілер. Іс-шараларға жеті маман мен екі қызметтік автокөлік тартылған», – деді елордалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының қызметкері Жанар Сәдуақасова.

Сонымен қатар мамандар қамысты орып, оны ойықтарға орнату жұмысын да жүргізіп жатыр, бұл судың оттегімен қосымша қанығуына ықпал етеді.

«Қазіргі уақытта қамыстан жасалған баулар орнатылды. Жұмыс өзеннің төрт учаскесінде аяқталды: «Арқар» көпірінен «Марал» көпіріне дейін, «Қараөткел» көпірінен «Атырау» жаяу жүргіншілер көпіріне дейін, «Серуен» жаяу жүргіншілер көпірінен «Тұлпар» көпіріне дейін, сондай-ақ «Тұлпар» көпірінен газ жабдықтары ауданына дейін. Барлығы 16 ойық, 840 тесік және 32 мұзойық жасақталды», – деп қосты басқарма өкілі.

Жүргізіліп жатқан шаралар Есіл өзеніндегі оттегі режимін жақсартуға, биоалуантүрлілікті сақтауға және су тіршілігі үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті