1 мамырда Алматыда 60 субұрқақ іске қосылады. Қала балансында барлығы 66 субұрқақ бар, оның 6-ы қайта жаңартылып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында субұрқақтарды тазарту, қалпына келтіру және бояу, сондай-ақ жабдықтар мен инженерлік желілерді тексеру жұмыстары жүргізілді.Тостағандары, түбі, субұрқақтардың қабырғаларын тазартылып, гранит плиталарын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Субұрқақтардың сәндік элементтері боялып, электр жабдықтары мен сорғылары, электр желілері, сумен жабдықтау және кәріз тексерілді. Коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен су мен электр қуатын беру жүйесі қайта консервацияланды. Дайындық жұмыстары барысында апаттық учаскелер анықталып, инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстары аяқталып келеді. 8 сәуірден 8 мамырға дейін қаланы көркейту және тазарту, ағаш отырғызу, сәулет нысандарын жөндеу және т.б. науқандар жалғасып жатыр.29-04-2024, 16:42
Алматыда 1 мамырда субұрқақтар қосылады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз