Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты

Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Фото: kazlenta.kz

Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Есіл өзенінің жағалауында ауқымды сенбілік өтті. Іс-шараға «Халық банкі» АҚ қызметкерлері мен К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері қатысып, өзен жағасын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Жалпы сенбілікке банк тарапынан 150 қызметкер жұмылдырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Акция барысында Сығанақ көшесінен бастап Тәуелсіздік көшесіне дейінгі аралықтағы жағалау аумағы тазартылып, жиналған қалдықтар арнайы орындарға шығарылды. Қатысушылар ауа райына қарамастан белсенділік танытып, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қала экологиясын жақсарту, тұрғындар арасында табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық жауапкершілікті арттыру. Сарыарқа ауданы әкімдігі аппараты инфрақұрылым бөлімінің бас маманы Абылайхан Айыповтың айтуынша, Есіл жағалауы – қала тұрғындарының күнделікті демалыс орны болғандықтан, оған ерекше көңіл бөлінуі қажет.

«Жалпы, бүгін сенбілікке 350-ге жуық адам қатысып отыр. Есіл жағалауына күн сайын көптеген тұрғындар келеді. Сондықтан мұндай жұмыстардың маңызы зор. Осындай игі іске атсалысу – әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз», – деді ол.

«Халық банкі» АҚ Астана қаласы филиалының директоры Жанар Рахимова банк ұжымының әлеуметтік жауапкершілікке әрдайым мән беретінін жеткізді.

«Біз қаланы абаттандыру жұмыстарына тұрақты түрде қатысамыз. Астана – біздің сүйікті қаламыз. Сондықтан оны таза әрі көрікті ұстауға өз үлесімізді қосу – біз үшін маңызды. Осындай шаралар ұжымдық бірлікті де нығайтады. Банк ұжымы бірігіп қаланы аббаттандыруға септесіп, осы уақытты пайдалы, әрі тиімді өткізбекпіз», – деді «Халық банкі» АҚ Астана қаласы филиалының директоры Жанар Рахимова.

 «Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Әрбір жиналған қоқыс, әрбір тазаланған аумақ – қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға қосылған нақты үлес.  Мұндай бастамалар тек қоршаған ортаны жақсартып қана қоймай, адамдарды біріктіреді. Ұжым болып осындай шараларға қатысу – командалық рухты күшейтіп, ортақ жауапкершілікті қалыптастырады. Біз тек бүгінгі күн үшін емес, келер ұрпақ үшін де таза орта қалдыруымыз керек», – деді  «Халық банкі» АҚ Астана қаласы филиалының ШОБ бас менеджері Асқар Молдашбай. 

Мамандардың пікірінше, «Таза Қазақстан» акциясы тұрғындардың экологиялық санасын арттырып, табиғатқа деген жауапкершілікті күшейтуге ықпал етеді. Осындай шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрса, қаланың экологиялық мәдениеті де жаңа деңгейге көтеріледі. Жастар да бұл бастамаға бейжай қарамай, табиғатты қорғау әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін жеткізді.

«Студенттер үшін мұндай шаралар өте маңызды. Біз тек білім алып қана қоймай, қоғамға пайдалы іс жасауға да үйренеміз. Табиғатқа жанашыр болу – әрбір жастың міндеті», – деп атап өтті университет студенті.

Ұйымдастырушылар мұндай экологиялық бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді. Келесі сенбіде қала аумағында ағаш отырғызу акциясын өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, «Халық банкі» АҚ қызметкерлері де бұл бастаманы қолдап, алдағы демалыс күндері қалада ағаш отырғызу жұмыстарына белсенді түрде қатысатын болады.

Іс-шара соңында қатысушылар мұндай сенбіліктерді тұрақты түрде өткізу қажеттігін атап өтті. Олардың пікірінше, қала тазалығы әрбір тұрғынның жеке жауапкершілігінен басталады, ал осындай ортақ бастамалар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосады. 

Мұндай экологиялық акциялар тек бір реттік сенбілік қана емес, қала мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жүйелі бастамалардың бірі болып саналады. Қаланың тазалығы мен көркеюі мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің, білім беру ұйымдарының және әрбір тұрғынның бірлескен әрекетіне тікелей байланысты. Есіл жағалауындағы бүгінгі шара да осы ортақ жауапкершіліктің нақты көрінісі болды. Алдағы уақытта мұндай бастамалардың кеңейіп, ағаш отырғызу, көгалдандыру және экологиялық ағартушылық бағытындағы жұмыстардың тұрақты түрде жүргізілуі қала экожүйесінің жақсаруына серпін бермек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады