Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының Медеу ауданында Терісбұлақ өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды

Алматының Медеу ауданында Терісбұлақ өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының Медеу ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында тұрғындар мен түрлі ұйым қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік өтті. Іс-шараға Ядролық физика институтының өкілдері де атсалысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыстар Алатау шағынауданында, сондай-ақ Терісбұлақ өзенінің батыс жағалауында — Оспанов көшесінен Жамақаев көшесіне дейінгі аралықта жүргізілді. Қатысушылар қоқыс жинап, аумақты тазалап, іргелес жерлерді ретке келтірді.

Жұмыстарды жүргізу үшін арнайы техника жұмылдырылып, қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаевтың айтуынша, сенбілікке түрлі сала өкілдері қатысты.

«Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында Медеу ауданында сенбіліктер ұйымдастырылып жатыр. Қазіргі таңда Алатау шағынауданында тұрғындар, мектеп пен балабақша ұжымдары, медицина қызметкерлері және Ядролық физика институтының қызметкерлері жұмылдырылды. Мұнда жалпы саны шамамен 300 адам қатысуда. Екінші мекенжайда тағы 110-ға жуық адам қатысты», — деді ол.

Іс-шара барысында қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіліп, аумақта медицина қызметкері кезекшілік атқарды. Акцияға балалар да қатысып, олар үшін арнайы анимациялық бағдарламалар ұйымдастырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді