С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде елордалық жастар үшін ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Іс-шара қала әкімдігінің қолдауымен өткізіліп, жүздеген жұмыс іздеуші мен қаланың жетекші кәсіпорындарының өкілдерінің басын қосты. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жоғары оқу орындарының түлектері мен нақты экономика секторы арасындағы байланысты нығайту.«Жоғары білім туралы диплом маңызды рөл атқарады, алайда біздің компания үшін үміткердің практикалық дағдылары басымдыққа ие», – деді елордалық компаниялардың бірінің директоры Әсемгүл Жұмабекова.
Ондаған компания алғашқы сұхбат өткізіп, нәтижесінде бірқатар үміткер екінші кезеңге шақырылды. Карьерлік коучтар қатысушыларға түйіндеме дайындау және өзін таныстыру дағдыларын жетілдіруге көмектесті.
Жәрмеңкеде техникалық мамандық иелерімен қатар гуманитарлық бағыттағы мамандарға да бос жұмыс орындары ұсынылды.Іс-шараның ерекшелігі – ғылым мен өндірісті біріктіруге басымдық берілуі болды.
«Мұндай кездесулер қазіргі еңбек нарығының сұранысын түсінуге және студенттердің алғашқы сұхбат алдындағы қорқынышын жеңуге көмектеседі», – деді қатысушылардың бірі.