Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада аялдаманы қиратып кеткендер 10 тәулікке қамалды

Астанада аялдаманы қиратып кеткендер 10 тәулікке қамалды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада қоғамдық тәртіпті бұзу мен вандализмнің кез келген түріне қарсы жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары аялдама павильонын қиратып кеткен кезекті тәртіп бұзушыларды анықтап, жауапқа тартты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аялдамада түнгі уақытта орынсыз әрекет жасап, шу шығарған үш жас жігіт ұсталды. Олардың бірі екіншісін итеріп жіберіп, ол құлап бара жатып павильонның шыны есігін сындырған.Хабар түскен соң полиция жасағы дереу оқиға орнына жетті. Тәртіп бұзушылар жақын маңдағы аулалардың бірінен табылып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.Сот шешімімен олардың екеуі бөтеннің мүлкін бүлдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысы 10 тәулікке қамауға алынды. Үшінші вандал түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін жауапқа тартылды.Полиция өкілдері елордада орнатылып жатқан жылы аялдамалар тұрғындардың қыс мезгілінде қоғамдық көлік күтуі үшін жасалғанын, сондықтан қала мүлкіне ұқыпты қарау қажет екенін еске салды.

Қалалық инфрақұрылымды бүлдіру қаланың келбетіне зиян келтіреді. Кез келген құқықбұзушылық пен келтірілген шығын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетіні атап өтілді.Елордада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында вандализмнің барлық түріне және қоғамдық тәртіпті бұзушылыққа қарсы жүйелі күрес жалғасып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті