Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада тазалықты заманауи технологиялар арқылы бақылау күшейтілді

Астанада тазалықты заманауи технологиялар арқылы бақылау күшейтілді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Полиция департаментінің мәліметінше, Астанада қоғамдық орындардың ластану жағдайларының алдын алу және жолын кесу жұмысы жалғасып жатыр. Құқық бұзушыларға түсіндіру жұмысы жүргізіліп, сонымен қатар заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қабылдануда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елрда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, белгіленбеген орындарға қоқыс тастау, темекі тұқылын лақтыру, жерге түкіру, сондай-ақ көлік терезесінен қоқыс лақтыру сияқты әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау және болдырмау жұмысы «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында тұрақты түрде жүргізілуде.

Жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластаудың және абаттандыру ережелерін бұзудың шамамен 16 мың фактісі бойынша жауапкершілікке тарту шаралары қолданылған.

Мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу үшін заманауи бақылау жүйелері кеңінен қолданылып жатыр.

Оперативті басқару орталығының камераларымен қатар дрондар да іске қосылып, олар аталған жағдайларды анықтап, патрульдік қызметтерге жедел ақпарат береді.

Сонымен қатар дрондар арқылы азаматтарға қоғамдық тазалықты сақтау, қала мүлкіне ұқыпты қарау, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы дыбыстық ескерту жасалады.

Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын жауапкершілік танытуға шақырады: қаланың тазалығы әрқайсымыздан басталады. Егер сіз құқық бұзушылықтың куәсі болсаңыз, бейжай қалдырмаңыз, ескерту жасаңыз.

Тазалық мәдениетін бала кезден қалыптастыру маңызды, өйткені әр адам таза, жайлы әрі қауіпсіз қалада өмір сүргісі келеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады