Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыдағы бес мектеп халықаралық IB бағдарламасын енгізуде

Алматыдағы бес мектеп халықаралық IB бағдарламасын енгізуде
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда бес мектеп Халықаралық бакалавриат (IB) бағдарламасын енгізу бойынша пилоттық алаң ретінде айқындалды. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба аясында №201 мектепте Халықаралық бакалавриаттың негізгі мектепке арналған Middle Years Programme (MYP) бағдарламасы бойынша сарапшылардың верификациялық сапары өтті. 7–8 сәуір онлайн форматта өткен бұл сапар халықаралық білім беру стандарттарын енгізу бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі болды.

Бағалау барысында мектеп әкімшілігімен, педагогтермен, оқушылармен және ата-аналармен сұхбат жүргізілді. Сарапшылар MYP бағдарламасының оқу үдерісіне енгізілгенін, пәнаралық тәсілдің қолданылуын, сондай-ақ оқушылардың сыни ойлау және зерттеу дағдысының дамуын жоғары бағалады.

Білім басқармасының өкілдері пилоттық жобаға №4 мектеп-интернаты, сондай-ақ №27 және №105 мектептер де енгізілгенін айтты.

«Бүгінде бес мектеп Халықаралық бакалавриат бағдарламасын енгізу бойынша пилоттық алаң ретінде анықталды. Біздің міндет — халықаралық білім беру стандарттары қаланың мемлекеттік мектептерінде қолжетімді болатын жүйе қалыптастыру», — деп атап өтті басқарма өкілдері.

Келесі кезеңде аталған мектептер Халықаралық бакалавриаттың авторизацияланған мектептері мәртебесін алуға үміткер болады.

Халықаралық бакалавриат (IB) — сыни ойлау, зерттеу дағдылары мен жаһандық дүниетанымды дамытуға бағытталған білім беру бағдарламасы. Бағдарлама әлемнің 150-ден астам елінде жүзеге асырылып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады