Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысының оқушылары шетелдік мектептің грантын жеңіп алды

Алматы облысының оқушылары шетелдік мектептің грантын жеңіп алды
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Талғар қаласындағы №7 мектеп-лицейдің 4-сынып оқушылары Аңсар Сарқытбек пен Айша Назар халықаралық білім бәйгесінде жоғары нәтиже көрсетіп, Малайзияның Куала-Лумпур қаласында Cambridge бағдарламасы бойынша білім беретін халықаралық мектептің грантының иегерлері атанды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тестілеу қорытындысы Аңсар Сарқытбек пен Айша Назардың жоғары деңгейдегі дайындығын, айқын қабілеттерін және білімге деген зор құштарлығын көрсетті. Сарапшылар бұл гранттың оқушылардың табандылығы және жүйелі еңбегінің нәтижесінде берілгенін атап өтті.

Халықаралық грант иегерлері 2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап 4-сыныптың екінші жартыжылдығын Малайзиядағы халықаралық мектепте жалғастыратын болады. Оқушылардың оқу ақысы толық көлемде төленіп, барлық қажетті академиялық қолдау көрсетіледі.

Қуанышты жаңалықты мектеп ұжымы ыстық ықыласпен қабылдап, оқушылар мен олардың ұстаздарын құттықтады.

Шетелде білім алу жас дарындар үшін болашақтағы жетістіктерге бастар маңызды қадам болып, жаңа халықаралық мүмкіндіктерге жол ашады деп күтілуде.

Аңсар мен Айшаның жеңісі — талғарлық оқушылардың білімге деген жоғары ұмтылысы мен әлеуетінің дәлелі. Педагогтер мен ата-аналар балалардың алдағы уақытта да жаңа биік белестерді бағындыратынына сенімі мол.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті