Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорда полициясы тұрғындарға тазалықты сақтау қажеттігі туралы үндеу жасады

Елорда полициясы тұрғындарға тазалықты сақтау қажеттігі туралы үндеу жасады
Фото: polisia.kz

Көктем мезгілінің басталуына байланысты елорда полициясы тұрғындарға қоғамдық орындарда тазалықты сақтау қажеттігін ескертті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері көшелерде, аялдамаларда, саябақтар мен аулаларда қоқыс, темекі тұқылдарын тастау, түкіру, автокөлік терезесінен қалдықтарды лақтыру және абаттандыру қағидалары бұзылғаны анықталған. Мұндай әрекеттер қала келбетіне нұқсан келтіріп қана қоймай, тұрғындардың санитарлық жағдайы мен қауіпсіздігіне де қауіп төндіреді.

Құқық бұзушылықтардың алдын алуда Жедел басқару орталығының камералары ерекше рөл атқарады. Олар қоршаған ортаны ластау фактілерін нақты уақыт режимінде тіркейді.

Камералардан алынған ақпарат жедел түрде полицияның кезекші жасақтарына жіберіліп, құқық бұзушыларды анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік жасайды.

Сонымен қатар, тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымы да маңызды. Олар құқық бұзушылық туралы хабарлап, қоғамдық мәдениетті сақтауға үлгі көрсетеді.

«Полиция тазалық қағидаларын сақтамау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Қаланың тазалығы – ортақ еңбек, ал әрбір азамат өзі өмір сүріп отырған ортаның жай-күйіне жеке жауапты.

Полиция тұрғындарға мыналарды еске салады: қоғамдық орындарды тұрмыстық қалдықтармен және темекі тұқылдарымен ластамау; балалар мен жасөспірімдерді ерте жастан тазалық мәдениетіне баулу; ластау фактілері туралы қаланың ресми арналары арқылы хабарлау.

Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана Астананы таза, жайлы әрі өмір сүруге қолайлы қала ретінде сақтай аламыз», – делінген Полиция департаментінің үндеуінде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады