Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының Наурызбай ауданында 12 көше жаңартылып, 45 мың шаршы метр жол жөнделеді

Алматының Наурызбай ауданында 12 көше жаңартылып, 45 мың шаршы метр жол жөнделеді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева жол инфрақұрылымы қалай дамып жатқанын баяндады. Ауданда жаңа жол салу, көшелерді жөндеу мен магистральдарды ұзарту жұмысын қатар қолға алған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Наурызбай ауданы жол салу мен жөндеу жұмысы жалғастырып жатыр. Биыл Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ақжар шағынауданында жаңа сал салады. Биылғы қазанға дейін 30 шақырымнан астам жолға асфальт төсейді. Сонымен қатар, көше-жол желісін жөндеу мен абаттандыру жобалары қатар іске асып жатыр», — дейді аудан әкімі Назира Тоғызбаева.

Орташа жөндеу аясында жалпы ұзындығы 12,4 шақырым болатын 12 көшені жаңартпақ. Қосымша ұзындығы 23,5 шақырым болатын тағы 33 көшені жөндеуге өтініш берілген. Жұмыс байқау рәсімі аяқталған соң басталмақ.

Сонымен қатар, жалпы ауданы 45 мың шаршы метр жол жөнделіп жатыр, 800-ге жуық люк түзетіліп, ауыстырылады, арық науасы ішінара жаңартылады.

«Біз жаңа жолдар салудан бастап, ағымдағы жөндеу мен инфрақұрылымды жаңғыртуға дейін бірнеше бағыт бойынша қатар жұмыс істеп жатырмыз. Люктер мен арық жүйесінің жағдайына ерекше көңіл бөлінеді, себебі бұл тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығына тікелей әсер етеді. Барлық жұмыс кезең-кезеңімен және басым учаскелерді ескере отырып жүргізіледі. Бұл мүмкіндігінше көп көшені қамтуға мүмкіндік береді», — дейді спикер.

Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 3,2 шақырым болатын 12 көшеде техникалық тротуарлар салу жоспарланған. Қазіргі таңда Әшімов көшесінде ұзындығы 530 метр тротуар салынып, 150 қалқымалы люк орнату көзделген.

Абай даңғылы, Төле би мен Жұбанов көшесін ұзартып жатыр. Абай даңғылы бойынша жоспарланған 5,3 шақырымның 4,7 шақырымы салынды, қалған бөлігі бір нысанды бұзғаннан кейін аяқталады. Төле би көшесінің 2,3 шақырымдық учаскесінде 1,2 шақырымға асфальт төселді, 104 жер телімінің 98-і сатып алынды, жұмысты балдағы желтоқсанда аяқтайды.

«Магистральды көшелерді дамыту — ауданның негізгі басым бағытының бірі. Абай даңғылы, Төле би мен Жұбанов көшесін ұзарту көлік қатынасын айтарлықтай жақсартып, қолданыстағы жолдарға түсетін жүктемені азайтады. Жұмыс жер телімін сатып алу қажеттілігіне байланысты қиындады, алайда бұл үдеріс тоқтамайды. Барлық жоба аяқталған соң, аудан тұрғындары оның жемісін көреді», — дейді Назира Тоғызбаева.

Жұбанов көшесінде қазіргі таңда 365 жер телімінің 175-і сатып алынған. Құрылысты аяқтау 2027 жылға жоспарланған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады