Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының Наурызбай ауданындағы 26 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматының Наурызбай ауданындағы 26 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Наурызбай ауданында 2025 жылы жол инфрақұрылымын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыстар негізгі көшелерді қамтып отыр, деп атап өтті Наурызбай ауданының әкімдігі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тұрғындардың өтініші және аудан әкімдігінің бастамасы бойынша Алматы мобилділік басқармасы қала әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен жалпы ұзындығы 47,1 шақырым болатын 35 көшеде орташа жөндеу жұмыстарын бастады. Бұл аудан үшін рекордтық көрсеткіш.

Бүгінде жалпы ұзындығы 34,9 шақырымнан асатын 26 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды. Тағы 3 учаскеде жұмыстар жалғасуда. Жөндеу жұмыстары биыл 15 қазанға дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Қабылбаев, Сейітметов, Тыныбаев, Смайлов, Әйтей батыр, Лапин, Қосынов, Арман, Жақаев және басқа да бірқатар көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды.

Мамандардың айтуынша, жол төсемін жаңарту қозғалыс қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырады, шағынаудандар арасындағы көлік қатынасын жақсартадыжәне негізгі магистральдардағы жүктемені азайтады.

Қала тұрғындары жүзеге асқан өзгерістерге оң баға беріп отыр. 

«Бұрын Қазыбеков көшесінде тіпті төмен жылдамдықпен жүрудің өзі қиын болатын. Міне, енді жол тегіс әрі қауіпсіз. Бұл жүргізушілерге де, жүргіншілерге де ыңғайлы», - деді аудан тұрғыны Әлима.

Әкімдікте Наурызбай ауданының қарқынды дамып келе жатқаны, жаңа тұрғын үй кешендерінің бой көтергені атап өтілді. Сондықтан жол инфрақұрылымын жақсарту өте маңызды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті