27 қыркүйекте Алматыда Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру додасы – Almaty Marathon өтеді. Биыл 15-рет ұйымдастырылатын бұл ірі спорттық шараға 16 000-ға жуық қатысушы жиналмақ. Марафонның мәртебелі қонақтарының бірі 2018 жылғы Бостон марафонының жеңімпазы, жапондық әйгілі марафоншы Юки Каваучи, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Каваучи есімі әлемге дәл осы Бостондағы жеңісінен кейін кеңінен танылды. Қолайсыз ауа райына қарамастан, ол кәсіби спортшылар мен фавориттерді басып озып, марафон тарихындағы ең жарқын сенсациялардың бірін жасады. Бір қызығы, сол сәтте ол кәсіби атлет емес еді: мемлекеттік қызметте еңбек етіп, жаттығуларды күнделікті жұмысымен қатар алып жүрген. Осы ерекшелігі үшін оған «халық марафоншысы» деген бейресми атау берілді. Бұл табандылық пен қажыр-қайраттың арқасында биік нәтижеге жетуге болатынын дәлелдейтін тағылымды жол.
Бүгінде Юки Каваучи әлемге танылған, мыңдаған жанғажігер сыйлайтын марафоншы. Оның Almaty Marathon жарысына қатысуы халықаралық жүгіру қауымдастығы үшін айтулы оқиға болмақ. Бұл марафонның беделінарттырып, шетелдік қатысушылар мен бұқаралық ақпаратқұралдарының назарын аударуға ықпал етеді.
«Бұл – мінез, жүйелілік және қозғалысқа деген сүйіспеншілік жайлы тағылымды оқиға. Біз үшін Almaty Marathon қатысушылары осындай тұлғалардан шабыталып, өздерін жаһандық жүгіру қауымдастығының бір бөлігі ретінде сезінуі маңызды. Біздің жарыстарымыз жынысына, жасына, физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан, баршаға ашық екенін әрдайым атап өтеміз», - деді «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.
Айта кетейік, 2026 жылы Almaty Marathon-ға 15 жылтолады. Осы уақыт ішінде ол жай ғана спорттық жарыс шеңберінен асып, қала экономикасы мен оған сабақтас салаларға әсер ететін ауқымды жобаға айналды.
2024 жылы жүргізілген «Almaty Marathon-ның қала экономикасына әсері» атты зерттеу нәтижелері бойынша, марафон өтетін екі күн ішінде шамамен мыңға жуық қатысушы 8 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсайды. Ал серіктес компаниялардың салық түсімі соңғы төрт жылда 318,9 миллион теңгеден 873,9 миллион теңгеге дейін өскен.
Марафонның ықпалы спорттық қауымдастықтардыңдамуына да айқын әсер етеді. Бүгінде Алматыда 40-қа жуық жүгіру клубы жұмыс істейді. Олардың төңірегінде тамақтану, медицина және спорттық жабдықтарсалаларын қамтитын тұтас экожүйе қалыптасып, шағын бизнес пен туризмнің өркендеуіне серпін беріп отыр.
2025 жылы қатысушылардың шамамен 10%-ы шетелден келді. 60 елден, оның ішінде Қытай, БАӘ, Германия, Түркия, Франция, Сингапур, Италия, Канада және Швейцария бар.
Жол шығынын есептемегенде, қатысушылардың басым бөлігі қалада орта есеппен 20-40 мың теңге (41%) немесе 50 мың теңгеден астам (31%) қаражатты тамақтану, саудажәне ойын-сауыққа жұмсайды.
Қала сыртынан және шетелден келген қатысушылардың 79,3%-ы Алматыға қайта келуді жоспарлап отыр. Әлемдік тәжірибеде мұндай сапарлар көбіне ұзақ мерзімді шешімдердің бастамасына айналып, қайта келу немесе инвестиция салу сияқты мүмкіндіктерге жол ашады. Марафонға деген халықаралық қызығушылық ғылыми зерттеулерде де көрініс тапқан. Атап айтқанда, Almaty Marathon Mastercard және Almaty Tourism Bureau бірлесіп дайындаған Алматы қаласының туристік әлеуетін талдау еңбегіне енгізілген.
Зерттеуде ірі іс-шаралардың, соның ішінде спорттық жарыстардың, туристер ағыны мен қаладағы экономикалық белсенділікті арттыруға тікелей әсер ететіні атап көрсетілген. Биылғы марафон 27 қыркүйекте өтіп, 16 000 қатысушыны біріктірмек. Дәстүр бойынша тіркеу жарналарының бір бөлігі қайырымдылық мақсаттарға бағытталады. 2012 жылдан бері жалпы сомасы 300 миллион теңгеден асатын 30-дан астам әлеуметтік және медициналық жоба жүзеге асырылған. Қатысу үшін almaty-marathon.kz сайты арқылы тіркелуге болады.