Алматыда аниматорлар, студенттер және креативті индустрия өкілдерінің ірі кәсіби кездесуі ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фестивальге 200-ден астам адам қатысты. Олардың арасында Қырғызстаннан келген 30 студенттен құралған делегация да бар. Бұл іс-шара Алматының Орталық Азиядағы жетекші шығармашылық орталық ретіндегі орнын тағы бір мәрте айқындай түсті.Осындай фестивальдерді қолдау арқылы біз алматылық жастарға кәсіби жолын бастауға мүмкіндік жасаймыз. Креативті индустрияларды дамыту — бұл жаңа жұмыс орындары, инвестиция тарту және болашақта әлемдік аудиторияға ұсынылатын сапалы отандық контент.