Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Негізгі туристік аймақтарға жолдар жаңғыртылуда

Негізгі туристік аймақтарға жолдар жаңғыртылуда
Фото: ҚР Көлік министрлігі

2026 жылы Қазақстанда елдің негізгі туристік аймақтарына көлік қолжетімділігін арттыру бағытындағы ауқымды жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Республикалық маңызы бар автожолдарды реконструкциялау жол жүру уақытын қысқартып қана қоймай, жол бойындағы инфрақұрылымның сапасын да жақсартады: бұл ішкі туризмді дамытудың маңызды серпіні болмақ.

Туризмді дамыту бағытындағы маңызды жобалардың ішінде «Бейнеу – Сексеуіл» бағыты ерекше маңызға ие, ол болашақта Каспий теңізіне апаратын жолды ашады. «Орталық – Батыс» дәлізі Торғай өңіріндегі туристік аймақтарды елордамен байланыстырып, саяхатшылар үшін жаңа бағыттарды қалыптастырады. Ал «Өскемен – Рахман қайнары» жобасы Шығыс Қазақстанның туризм саласын дамытуға серпін береді.

Бұдан бөлек, республикалық маңызы бар жолдарды орташа жөндеудің ауқымды жобасы аясында Қазақстанның туристік аймақтарына апаратын бірқатар жол учаскелері жаңартылады. Атап айтқанда, Жаңаөзен – Кендірлі, Өскемен – Қатонқарағай, Көкшетау – Зеренді, Кеген – Қырғызстан шекарасы, Қалқаман – Баянауыл автожолдары қамтылады.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар туристік аймақтарға қолайлы қатынауды қамтамасыз етуге бағытталған 33 өңірлік жобаны іске асыруда. Бұған қоса, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жол бойындағы сервисті дамыту жұмыстарын жүргізуде. 2026 жылы жол бойы сервистің 50 жаңа нысанын салу жоспарлануда. Кәсіпкерлерді қолдау үшін нысандарды күтіп ұстау шығындарының орнын толтыру көзделген.

Алакөл көлінің жағалауына көліктік қолжетімділікті жақсартуға ерекше назар аударылып отыр. Осы бағытта ұзындығы 8,2 км болатын «Қабанбай ауылының айналма жолын салу» жобасы әзірленді, ол елді мекендегі транзиттік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Аталған барлық шаралардың іске асырылуы автожол желісінің өткізу қабілетін айтарлықтай арттырып, инфрақұрылым сапасын жақсартып, туристік объектілерге жету уақытын қысқартады. Бұл ішкі туризмді дамыту мен жол саласындағы кәсіпкерлерді қолдау үшін жаңа мүмкіндіктер туғызбақ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады