Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда туристік бағыттарға апаратын республикалық маңыздағы тасжолдар жөнделеді

Қазақстанда туристік бағыттарға апаратын республикалық маңыздағы тасжолдар жөнделеді
Фото: pixabay.com

Ішкі туризмді дамыту мақсатында биылғы жол құрылысы маусымы аясында Баянауыл мен Қарқаралыға апаратын республикалық маңызы бар күре жолдардың проблемалық учаскелері жөндеуден өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ қызметіне сілтеме жасап.

Жолшылар "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" күре жолының Матақ ауылынан Қарқаралы қаласына дейінгі жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрайтын жол бөлігін жөндейді. Мамандар жөндеу жұмыстары барысында жол төсемін жаңартып, үш жаңа су өткізгіш құбыр орнатады. Сонымен қатар он автопавильон орнатып, күре жолдың 210 шақырымында орналасқан қолданыстағы демалыс алаңына жаңа асфальт төсейді. Қазіргі уақытта мердігер ұйымдар құрылысқа қажет арнайы техниканы жұмылдырып, дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен бірге "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" автожолының Үміткер ауылынан Ботақара ауылына дейінгі жалпы ұзындығы шамамен 60 шақырым болатын жол бөлігі жөнделмек. Жолшылар жол төсемін жаңартып, екі жаңа су өткізгіш құбырын орнатады. Қыс бойы жүргізілген дайындық жұмыстарының нәтижесінде құрылысқа қажет инертті материалдар 100% жасақталды.

Жоғарыда аталған жол бөліктерін жөндеуге 150 бірлік арнайы техника мен 210 маманды жұмылдыру көзделді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты