Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан жаңа авиамаршруттар мен Жібек жолы бойынша бірлескен турлар ашады

Қазақстан мен Өзбекстан жаңа авиамаршруттар мен Жібек жолы бойынша бірлескен турлар ашады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасын орындау аясында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туризм және көлік байланыстарын дамыту жөніндегі жұмыстар күшейтілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік министрлігі тарапынан үш жаңа әуе бағыты іске қосылады.  Осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап SCAT әуекомпаниясы Түркістан – Бұхара, Түркістан – Үргеніш (Хиуа) және Түркістан – Самарқанд бағыттары бойынша тұрақты ұшады. Рейстер әр бағыт бойынша аптасына үш рет орындалады. Билеттер сатуға шығарылды, ұшу құны – бір бағытқа 40 мың теңге.

Бастапқы кезеңде әуе қатынастары тұрақты жолаушылар ағынын қалыптастыру үшін субсидияланатын болады. Маршруттардың ашылуы туризмді дамытуға және Ұлы Жібек жолы қалаларын ілгерілетуге, сондай-ақ өңірлердің көлік байланысын күшейтуге және шетелдік туристер ағынын ынталандыруға бағытталған.

Сонымен қатар Туризм және спорт министрлігі Орталық Азияның Жібек жолы бойынша ортақ маршруттың жаңа тұжырымдамасын әзірледі. Оған аймақтағы негізгі қалалар: Алматы, Шымкент, Түркістан, Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа кірді, сондай-ақ ортақ тарихи мұра мен табиғи ресурстар енгізілді.

Самарқандқа алғашқы тур  kompastour операторымен бірлесіп іске қосылды. Қазір басқа туристік компаниялармен жаңа турларды ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

2026 жылы екі елдің туристік ресурстарын біріктіру мақсатында Қазақстан мен Өзбекстанның туристік әлеуетін бірлесіп ілгерілету жоспарлануда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті