Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«30 игі іс»: Елорданың әлеуметітк аз қамтылған отбасыларына азық-түлік себеттері таратылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы аясында «Жас Сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының РҚБ елордалық филиалының тәрбиеленушілері Нұр-Сұлтан әкімдігінің және «Астана жастары» КММ қолдауымен қаланың әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына азық-түлік себеттерін таратты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Әкімдік тарапынан көрсетіліп жатқан көмектерді әрдайым байқап отырамыз. Бүгін міне сол көмектің ұшы бізге де тиген екен. Барша волонтерларға, әкімдік өкілдеріне, демеушілерге және «Жас Сарбаз» ұйымының жігіттеріне алғысымды білдіремін. Еңбектеріңіз жана берсін», - деп көпбалалы әке Мамыр Қасымов алғысын білдірді.

Аталған акция әлі де жалғасын табады деп жоспарланып отыр. «Жас Сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері өзге де игі істер атқаруда белсенділік танытпақ.

«Бұл акция барысында Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлеріне, пандемия кезінде аянбай жұмыс істеген әскери дәрігерлерге, қарттар үйі мен балалар үйлеріне көмек көрсетілуде. Бүгінде қатарымызға қосылып жатқан «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілерінің саны артып келеді, олар қайырымды істер жасауға әрдайым дайын екенін білдіруде. Жастарға сәттілік тілейміз!» – деп «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек атап өтті.

Айта кетейік, 2021 жыл елордада «Қайырымды істер» ұранымен өтуде. Осы уақыт ішінде көмекке мұқтаж азаматтарға 10 мыңнан астам азық-түлік себеті жеткізілді. Қолдау және атаулы көмекпен ондаған мың адам қамтылған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты