Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан топтың әрекетіне тосқауыл қойылды

Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан топтың әрекетіне тосқауыл қойылды
Фото: polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Қазығұрт ауданының полицейлерімен бірлесіп, үй жануарларын ұрлаумен айналысқан адамдар тобының заңсыз әрекетін тоқтатты, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз тұлғалар оның 20-дан астам қойы мен сиырын ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын шамамен 5 миллион теңге болған. Ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлер жедел-тергеу іс-шараларының кешенін жүргізіп, айғақтарды зерделеп, мал ұрыларының ізіне түсті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 20-35 жас аралығындағы 5 күдікті ұсталды.

Тінту барысында күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен 17 бас қой мен бір сиыр тәркіленді. Олар ұрланған малдың бір бөлігін күдіктілер базарда сатып, түскен қаржыны қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша полиция қызметкерлері қажетті шараларды жалғастырып жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады