Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

20 млн теңге шығын: Қарағанды облысында ұрлықпен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді

20 млн теңге шығын: Қарағанды облысында ұрлықпен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында пәтер ұрыларынан құралған қылмыстық топтың жолы кесілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында криминалдық полиция қызметкерлері "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты әшкерелеп, 35-39 жас аралығындағы үш ер адам ұстады. Анықталғандай, олар алдын ала сөз байласып, қылмыстарды нақты жоспарланған схема бойынша жасаған. Жыл басында күдіктілер Лобода көшесіндегі тұрғын үйлердің біріне металл қоршауды, пластик терезені күшпен бұзып, заңсыз кірген. Содан алтын бұйымдар мен гауһар тастары бар әшекейлер (шамамен 40 атау), күзен тон және ноутбукты ұрлап кеткен.

Жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 20 миллион теңгеден асып отыр. Аса ірі көлемдегі ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер олардың өңір аумағында тіркелген өзге де ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді