Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының JOLDA театры Германиядағы халықаралық фестивальге қатысты

Алматының JOLDA театры Германиядағы халықаралық фестивальге қатысты
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматының JOLDA DANCE THEATRE ұжымы Германияда өткен заманауи би өнеріне арналған халықаралық schrit_tmacher Festival фестивалінің 31-ші маусымына қатысып, «TAMYR» спектаклін ұсынды. Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қойылым 13-14 наурыз күндері Аахен қаласында (Германия) аншлагпен өтті. Спектакль St. Nikolaus шіркеуінің ерекше кеңістігінде сахналанды. Қойылым үшін жасалған уақытша сахналық құрылым ғимараттың сәулеттік болмысымен үйлесім тапты.

Еуропалық басылымдар бұл қойылымды фестиваль аясындағы айтулы оқиғалардың бірі ретінде бағалады. Хореография, вокал мен музыканы тоғыстырған туынды қазақ халқының терең рухани тамырын заманауи көркем тілмен өрнектеді. Әсіресе, режиссер Жанна Төлендінің көркемдік шешіміне де ерекше назар аударылды.

Фестивальдің ресми бағдарламасына қатысу — театрдың халықаралық шығармашылық жолындағы маңызды белес. Бұған дейін ұжым Almaty Creative ұйымының қолдауымен Avignon Off Festival фестивалінде де өнер көрсеткен болатын.

Алматылық театрдың бұл сапары Қазақстанның заманауи өнерін Еуропа сахнасында таныстырып қана қоймай, Алматының халықаралық мәдени байланысын да нығайта түсті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді