Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы музейінде «Ғасыр жасаған Ұлт театры» көрмесі ашылды

Алматы музейінде «Ғасыр жасаған Ұлт театры» көрмесі ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы музейінде Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдығына орай «Ғасыр жасаған Ұлт театры» атты көрме салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрмеде Алматы музейі мен М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры музейінің қорынан алынған театр тарихына қатысты бірегей архивтік құжаттар мен фотосуреттер, 1940 жылдардан бүгінгі күнге дейінгі спектакль афишалары ұсынылды. Әсіресе, қазақ театр өнерінің көрнекті майталмандары киген сахналық костюмдер ерекше назарда. Атап айтқанда, А.Молдабековтің «Ваня аға» спектакліндегі, Ш.Жандарбекованың «Ақан сері – Ақтоқты» қойылымындағы, З.Шәріпованың «Отелло» спектаклінде Дездемона рөлінде киген, сондай-ақ Т.Жаманқұловтың Абылай хан бейнесіндегі сахналық киімдері және басқа да құнды экспонаттар көрмеге қойылды.

Көрменің негізгі мақсаты – ғасырлық тарихы бар ұлттық театрдың шығармашылық жолын кеңінен насихаттау, көрерменді қазақ театр өнерінің даму кезеңдерімен таныстыру және жас ұрпақтың рухани-мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.Көрменің ашылу рәсіміне Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері, шығармашылық интеллигенция, өнер қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Көрме ақпан айының соңына дейін жалғасады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді