Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 7,5 мыңнан астам бала инклюзивті біліммен қамтылған

Алматыда 7,5 мыңнан астам бала инклюзивті біліммен қамтылған
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда 7,5 мыңнан астам бала инклюзивті білім беру аясында білім алып жатыр. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жағдай жасалған білім беру ұйымдарының үлесі 87 пайызға жетті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл мәліметтер қаланың орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу барысын бағалайтын және алдағы жұмыс бағыттарын айқындайтын екінші Ерікті жергілікті шолу (ЕЖШ) есебінде жарияланды.

Құжат БҰҰ әдіснамасына сәйкес, қала әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласын дамыту орталығы әзірленген. Есеп қалалық бастамалардың тиімділігін саралауға, негізгі шектеулерді анықтауға және басқарушылық шешімдерді негіздеуге арналған.

Шолудың негізгі бағыты – инклюзия, яғни қала ортасының, қызметтердің және инфрақұрылымның халықтың барлық санаты үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету.

Есепте білім беру, денсаулық сақтау, көлік, әлеуметтік қолдау және цифрлық сервистер секілді қалалық өмірдің маңызды салалары қамтылған.

Құжатты әзірлеуге мемлекеттік органдар, сарапшылар, ғылыми орта өкілдері және азаматтық қоғам институттары қатысқан. Атап айтқанда, бұл жұмысқа Алматы Азаматтық альянсы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Тұран» университеті, сондай-ақ қала әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Қасиет Омарова тартылған.

Ерікті жергілікті шолу жүйелі талдау құралы ретінде қалада іске асырылып жатқан шаралардың нақты нәтижесін бағалауға, даму басымдықтарын белгілеуге және қалалық саясаттың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады