Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында полиция екі есірткі зертханасын әшкереледі

Жетісу облысында полиция екі есірткі зертханасын әшкереледі
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында полиция екі есірткі зертханасын әшкереледі, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен Талдықорған қаласында екі есірткі зертханасының қызметін әшкерелеп, жолын кесті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бір қылмыстық схема аясында әрекет еткен 31 және 21 жастағы екі шетел азаматы ұсталды.

Тергеу барысында олардың синтетикалық есірткі заттарын дайындаумен айналысқаны анықталды. Тінту кезінде зертханалық құрал-жабдықтар, химиялық реагенттер, сондай-ақ өткізуге дайындалған 1,3 келіден астам мефедрон тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға, соның ішінде ұйымдастырушыны және басқа да қатысушыларды әшкерелеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция ескертеді: есірткі құралдарының заңсыз айналымы міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады