Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорғанда синтетикалық есірткі сақтаған Ақтөбе облысының тұрғыны ұсталды

Талдықорғанда синтетикалық есірткі сақтаған Ақтөбе облысының тұрғыны ұсталды
Фото: Polisia.kz

Талдықорғанда синтетикалық есірткі сақтаған Ақтөбе облысының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорған қаласының көшелерінің бірінде патрульдеу барысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен 26 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады. Жеке тінту кезінде ер адамның сырт киімінің қалтасынан қызыл және көк түсті изолентамен оралған, ішінде ерекше иісі бар ақ түсті заты бар 66 орамадан тұратын полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат синтетикалық есірткі құралы — мефедрон болып шықты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ есірткі жеткізу арналары мен іске қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымы, оның ішінде сақтау және тарату — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Интернет пен мессенджерлер арқылы жеңіл табыс табуға ұмтылу көбіне ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырумен аяқталады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті