Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда қалдықтарды шығаруға бақылау күшейтіліп, бірыңғай мониторинг жүйесі енгізіледі

Алматыда қалдықтарды шығаруға бақылау күшейтіліп, бірыңғай мониторинг жүйесі енгізіледі
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда қалдықтарды басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесі енгізіліп, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға бақылау күшейтіледі. Бұл мәселе Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахымның төрағалығымен Green Recycle қоқыс сұрыптау кешені базасында өткен кеңесте талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға қоқыс шығаратын ұйымдардың өкілдері мен аудан әкімдерінің көріктендіру жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Қазіргі таңда қалада 20 қоқыс шығаратын ұйым жұмыс істейді, 258 бірлік арнайы техника тартылған. Оларға бес жыл мерзімге жасалған келісімшарттар негізінде жауапкершілік аймақтары бөлініп, қызмет көрсету учаскелері бекітілген.


2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда 595 мың тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық жиналып, шығарылды. Ал 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында бұл көрсеткіш 77 мың тоннадан асты.

Талқылау барысында саланы цифрландыру мәселелері басты назарға алынды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары GPS жүйесі орнатылмаған әрі «АҚ Тәртіп» ЖШС әзірлеген автоматтандырылған ақпараттық жүйеге қосылмаған техникаларды толықтай жабдықтауды тапсырды. Бұл жүйе арқылы техниканың нақты уақыттағы орналасуын және қозғалыс бағытын бақылауға болады. Соның нәтижесінде белгіленген кестеден ауытқулардың алдын алып, заңсыз қоқыс орындарының пайда болуының алдын алады.«Eco Almaty» ЖШС қалдықтардың тасымалы мен қоқыс шығаратын ұйымдардың жұмысын қадағалайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады