Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 1 сәуірден бастап қоқыс шығару тарифі қымбаттайды

Алматыда 1 сәуірден бастап қоқыс шығару тарифі қымбаттайды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгіндері Алматы қаласы бойынша халыққа арналған қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін бекіту жөніндегі жоба қоғамдық талқыға ұсынылып қойылған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Әзірге қоқыс шығару тарифі 553,04 теңгені құрайды. Бұл сомаға контейнерлік алаңдардан қалдықтарды жинау және оны қоқыс сұрыптау кәсіпорындарына тасымалдау, қалдықтарды сұрыптау, пайдалысын одан әрі өңдеу үшін алу, көмуге жатпайтын қоқысты тасымалдау, қалдықтарды қабылдау және көму бойынша қызметтер кіреді.

Құжатта 2017-2023 жылдар кезеңінде дизель отынының орташа құны 3 есеге ұлғайып, қосалқы бөлшектерге шығатын шығындар өскені атап көрсетілген. Ал бұл кезеңде ҚТҚ-ны әкетуге арналған тарифтер қайта қарастырылмаған.

ҚТҚ жинақтаудың жаңа нормаларын әзірлеуге байланысты қоқыс тасымалы бойынша тарифтерді біріздендіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Алматы қаласының мәслихаты қала бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифін жаңадан бекіту туралы шешім қабылдады. Жаңа тариф 165,46-ға ұлғайтылды және айына бір тұрғынға 718,5 теңгені құрайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты