Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанадағы санкцияланбаған қоқыс үйінділерінен 2,5 мың тоннаға жуық қалдық шығарылды

Астанадағы санкцияланбаған қоқыс үйінділерінен 2,5 мың тоннаға жуық қалдық шығарылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада рұқсат етілмеген қоқыстарды жою жұмысы қызу жүріп жатыр. Қаланың әр ауданында заң бұзушылықтарды анықтау үшін тұрақты мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Стихиялық полигондармен күрес тек жою арқылы ғана емес, сонымен бірге күшейтілген бақылау және құқық бұзушыларды жауапқа тарту арқылы да жүзеге асырылады. Қалада мобильді топтар мен бұзушылықтарды тіркейтін iKomek жүйесі белсенді жұмыс істейді. 2025 жылдың басынан бері Байқоңыр ауданында 7 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталып, тазартылды, ол орындардан 230 тонна қоқыс шығарылды. Сарыарқа ауданында да осы жылдың алғашқы айларында 7 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды, оның 6-ауы жойылды.

Жұмыс барысында 115 тоннадан астам құрылыс және тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Ауа райы жылынған уақыттан бастап Есіл ауданында 2000 тонна қоқыс шығарылды.Сарайшық ауданында сәуір айының соңына дейін 4 учаскені жою жоспарланған. Мысалы, аталмыш ауданда дрон көмегімен заңбұзушылық анықталды. Лас суды төгу сәті дрон көмегімен анықталды, бұл кейіннен мәліметтер (техниканың мемлекеттік нөмірі) одан әрі шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді. Аудан әкімдігі мен экологиялық полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында заңбұзушы 20 минут ішінде анықталды.

Айта кету керек, арнайы техниканың жүргізушісі лас суды төккені және қоршаған ортаны ластағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылды. Жүргізушіге 145 484 теңге айыппұл салынды. Техника айып тұрағына қойылды.2025 жылы Нұра ауданында 4 орыннан 57 тонна қоқыс шығарылды. Мердігер ұйымдардың күштері Тұран, Ұлы дала даңғылдарының және Ш.Айтматов көшелерінің бойындағы учаскелерге жұмылдырылды. Қалалық сенбіліктер кезінде рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмысына құрылыс компанияларын тарту жоспарланып отыр.

Жүргізілген мониторинг барысында Алматы ауданында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталған жоқ.Бұдан басқа, коммуналдық қалдықтарды анықтау үшін цифрлық картаны енгізу және қоқысты шығару маршруттарын оңтайландыру үшін жасанды интеллектті пайдалану жоспарланып отыр. Бұл қоқыстардың шығарылуын бақылауға және полигондардың алдын алуға мүмкіндік береді.Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 13 наурызында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 344-бабына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес белгіленбеген орындарда қоқыс тастағаны үшін жаза күшейтілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты