Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық оқушының TabAI стартап жобасы Google грантын иеленді

Қазақстандық оқушының TabAI стартап жобасы Google грантын иеленді
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Павлодар қаласының 11 сынып оқушысы Игорь Мартынюк YC Startup School білім беру бағдарламасына толық грант иеленген Орталық Азиядағы алғашқы оқушы атанды. Бұл бағдарламаны әлемдегі ең танымал стартап акселераторлардың бірі Y Combinator ұйымдастырады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Игорь TabAI стартапын өз бетінше әзірлеген. Бұл жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін көмекші, ол пайдаланушының цифрлық белсенділігін талдап, тапсырмаларды жүйелеуге және жұмыс үдерістерін басқаруға көмектеседі. Өнім ақпараттық жүктемені азайтуға бағытталған. Қазіргі таңда TabAI платформасын әлем бойынша шамамен 20 мың қолданушы пайдаланады.

Жоба халықаралық қауымдастықтың назарын аударды. Стартап 35 мың доллар көлеміндегі инвестицияны, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға арналған Google грантын алды. Бағдарламадағы жас шектеулеріне қарамастан, Y Combinator командасы Игорьді шақыру туралы шешім қабылдап, оның Кремний алқабындағы YC Startup School бағдарламасына қатысу шығындарын толық өтеді. Оның ішінде жол ақысы, тұру және оқуы қарастырылған.

Сонымен қатар Игорь Мартынюк жасанды интеллект саласындағы қарқынды дамып келе жатқан Cursor компаниясының ресми амбассадоры атанды. Бұл рөлде ол Қазақстан мен Орталық Азияда әзірлеушілер қауымдастығын дамытып, хакатондар, митаптар және білім беру іс шараларын ұйымдастырады.

Игорь алдағы уақытта жобаны дамытуды жалғастырып, халықаралық бағдарламаларға қатысуды және Y Combinator негізгі іріктеуіне өтінім беруді жоспарлап отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады