Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандылық оқушы АҚШ-тың бірнеше университетінен шақыру алды

Қарағандыда мектеп түлегі Американың бірнеше жоғары оқу орнынан тегін білім алуға шақыру алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

 Мағжан Тегісов биыл Назарбаев Зияткерлік мектебін (NIS) бітірген. Ол ғарыш әлемін, робототехниканы және стартап-жобаларды жақсы көреді. Түрлі республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегері, барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 500-ден астам оқушысын біріктіретін NIS Valley клубының негізін қалаушы. «Клуб кәсіпкерлікке, стартап-жобаларға қызығушылық танытқан оқушылардың басын біріктіретін алаңға айналды. Олар сарапшылардан кеңес алып, тәжірибе жинақтап, көшбасшылық қасиеттерді дамыта алады. Оқу жылдарындағы барлық жетістіктерімнің арқасында америкалық бірнеше университеттен шақыру алдым. Бірақ Colby College таңдадым. Бұл АҚШ-тың ең үздік ЖОО-ның бірі. Сонымен қатар олар маған президенттік стипендия бөлді», –дейді Мағжан.


Болашақта М. Тегісов Қазақстанда Google, Apple, Amazon сияқты IT-компания құруды армандайды. «Жақында Colby College-де жасанды зердені зерттеу бойынша ғылыми орталық ашылды. Мен жасанды интеллект пен машиналық оқытуға назар аударғым келеді. Университет зерттеу үшін барлық мүмкіндікті ұсынады. Ал президенттік стипендия маған бірінші курста белгілі компанияларда өз мамандығым бойынша тағылымдамадан өтуге, сондай-ақ өз стартапымды немесе бизнесімді іске қосуға, зерттеулерге қаржы тартуға мүмкіндік береді», – дейді жас түлек.


Ол қазірдің өзінде бизнеспен айналысып жатыр: Barys Wear брендімен киім желісін саудаға шығарды, логотиптері бар ірі компанияларға трикотаж бұйымдарын жеткізеді. «Барлық ойлағаныма қол жеткізуге, түрлі қалалардағы ғылыми байқауларға қатысуға, өзімді қызықтыратын саланы табуға, сондай-ақ Стэнфорд университетінің жазғы мектебіне қатысуға мүмкіндік берген мектебіме алғысымды білдіргім келеді. Оқушыларға айтқым келетіні: өзіңізді шынымен қызықтыратын қызмет саласын іздеңіздер», – деп қосты Мағжан Тегісов.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады