Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Робототехника бойынша әлем чемпионатының жүлдегері Stanford университетінің толық грантын иеленді

Робототехника бойынша әлем чемпионатының жүлдегері Stanford университетінің толық грантын иеленді
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық оқушы Алихан Сериков Stanford University университетіне Restrictive Early Action ерте іріктеу бағдарламасы бойынша толық қаржылық грантпен оқуға қабылданды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Stanford әлемдегі ең таңдаулы жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Университетке қабылдау деңгейі шамамен 3,6% құрайды, ал шетелдік талапкерлер үшін бұл көрсеткіш одан да төмен.

Алихан Сериков робототехника бойынша әлем чемпионатының жүлдегері. Ол FIRST жарыстарына қатысып, бастапқы деңгейдегі FIRST LEGO League кезеңінен бастап жоғары деңгейдегі FIRST Tech Challenge санатына дейін жетті. Команда құрамында Орталық Азия аймақтық чемпионатында жеңіске жетіп, Хьюстон қаласында өткен әлемдік кезеңге жолдама алды. Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша команда инженерия, дизайн, презентация және қоғаммен жұмыс бағыттары бойынша берілетін Inspire Award сыйлығының 3-орнын иеленді.

Stanford университетінде ол Management Science & Engineering бағыты бойынша білім алуды жоспарлап отыр. Бұл бағдарлама технологиялар, деректерді талдау және басқару салаларын біріктіретін пәнаралық бағыт болып табылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті