Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық мектептің оқу бағдарламасына жасанды интеллект енгізілді

Елордалық мектептің оқу бағдарламасына жасанды интеллект енгізілді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Қазіргі таңда білім беру саласында заманауи технологияларды тиімді пайдалану – уақыт талабы. Осы бағытта елорданың №84 мектеп-лицейі көшбасшылар қатарынан көрінуде. 2023 жылдан бастап бұл білім ордасында оқу процесіне жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа бастаманың негізгі мақсаты – білім сапасын арттыру, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру және мұғалімдер мен оқушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру. Мектеп инновацияны енгізуде Google Workspace for Education платформасын таңдады. Бұл орта мұғалімдер мен оқушыларға бірлескен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашады.

Google Classroom, Google Docs, Google Sheets, Google Slides, Google Forms секілді құралдар сабақ жоспарын әзірлеуді, тапсырмаларды орындауды және жедел кері байланыс орнатуды жеңілдетуде.Сонымен қатар оқу процесіне Gemini AI платформасы енгізілді. Жасанды интеллект мұғалімдер үшін бірқатар тиімділік ұсынады: оқу материалдарын әр оқушының жеке қажеттілігіне бейімдеу, автоматты түрде сұрақтар мен тест тапсырмаларын құрастыру, оқушылардың жұмысын әділ әрі жылдам бағалау, сабаққа дайындық уақытын қысқартып, тиімділікті арттыру.

«Жасанды интеллект технологияларын оқу процесіне енгізу – біздің мектеп үшін үлкен жетістік. Бұл қадам мұғалімдердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оқушылардың білім алуына жаңа серпін береді. Ең бастысы – әр баланың жеке қабілеті мен қызығушылығына сай білім алуға жағдай жасалады. Біз оқушыларымызды болашақтың талаптарына сай, жан-жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеуді көздеп отырмыз», – дейді №84 мектеп-лицейінің директоры Самал Нұғыманова.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті