Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да тұрғыннан 4 келіден астам марихуана тәркіленді

ШҚО-да тұрғыннан 4 келіден астам марихуана тәркіленді
Фото: polisia.kz

Шемонаиха ауданында полицейлер есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау фактісін анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, 31 жастағы жергілікті тұрғынның бірнеше ай бойы жабайы өсетін қарасораны жинаумен айналысқанын анықтаған. Ер адам өсімдікті ауданның шет жағынан жинап, оны тұрғылықты мекенжайында сақтаған. Оның айтуынша, есірткі затын жеке пайдалану үшін қалдырған. Сонымен қатар ол оны ерекше тәсілмен қолданған — термиялық өңдеуден кейін тағамдарға қосып отырған.

Жеке тұрғын үй мен шаруашылық құрылысына жүргізілген тінту барысында полицейлер өсімдік тектес кептірілген зат салынған төрт полиэтилен пакетін тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 4 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады