Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында полиция ер адамнан 13 келіден астам марихуана тәркіледі

Алматы облысында полиция ер адамнан 13 келіден астам марихуана тәркіледі
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы облысында полиция ер адамнан 13 келіден астам марихуана тәркіледі, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қарасора — 2025” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

– ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Жамбыл ауданы ПБ криминалдық полициясымен бірлесіп Кызыләскер ауылында 47 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, – деп атап өтті ведомство өкілдері. 

Санкцияланған тінту барысында қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен тұрғын үйдің ауласында, қоршаудың бойында ерекше иісі бар кептірілген 31 түп өсімдік табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл – жалпы салмағы 10 келі 680 грамм кептірілген марихуана екені анықталды. Бұдан бөлек, полицейлер ұсталған азаматтың үйінен ішіне полиэтилен пакет салынған полимер қапты тапты. Оның ішіндегі жасыл түсті өсімдік тектес зат сарапшылардың қорытындысы бойынша кептірілген марихуана болып шықты. Оның салмағы – 2 келі 306 грамм. Осылайша, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 13 келіден асты. 

– Аталған дерек бойынша Жамбыл ауданының полициясында қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындап, қамауға алынды, – деп түйіндеді полицейлер.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті